KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 4 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Назарбаев Университетіне түсу тәртібі өзгертіледі

1.05.2012, 18:00 117


Мектеп оқушылары үшін Назарбаев Университетіне түсу талаптары жеңілдетілді. Бұл туралы бүгін химия пәні бойынша 46-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасының жабылу салтанатында сөйлеген кезінде Назарбаев Университеті Энергетикалық зерттеулер институтының директоры Қанат Байғарин мәлім етті.

«Университетке қабылдау тәртібі өзгертіледі. Халықаралық олимпиадалардың 5 пәні бойынша (мектеп түлектері) ерекше тәртіпке сай қабылданады. Олар: ағылшын тілінде сөйлесу және пәндік тақырыпта сөйлесу, бұл оқушылардың университетке түсу жолын әлдеқайда жеңілдетеді. Бұл өзгеріс осыдан бір ай бұрын ғана енгізілді», - деді Қ.Байғарин.

«Біздің халықаралық ұжым өте күрделі шешім қабылдап отыр. Мен Назарбаев Университетінің іргесіне шын мәнінде білімді әрі әлдеқайда мықты мектеп түлектері қабылданады деген сенімдемін», - деп атап өтті ол.

Мәлiметтiң көзi: BNews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив