KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

Бауырсақ мерекесін дәстүрге айналдырды

30.04.2012, 18:00 119


Шемонайха аудандық балалар кітапханасында «Қымбатты бауырсақ» атты ойын бағдарламасы өтті. Бұл қызықтан мүмкіндігі шектеулі балғындар да тыс қалмады.

Тәбетті ашатын кеште балалар аянып қалмай, бар өнерлерін ортаға салуға тырысты. Мысалы, 2-сынып оқушылары Сәбина Уалханова мен Әмина Қабаева мың бұралып, «Қаражорға» биін билесе, 3-сынып оқушысы Ербол Исмаилов бауырсақтардың әнұранын орындады.
Бұдан кейін қонақтар ұлттық тағам – бауырсақтың шығу тарихынан сыр шерткен «Құймақ пен бауырсақ» атты мысалды қызыға тыңдады. Мерекеде ұйымдастырылған «Кімнің бауырсағы ең әдемі», «Бауырсаққа көмектес» сияқты ойындар балғындардың белсенділігін арттырып, кеш ажарын аша түсті.

altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив