KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями Штиль
475.39 513.37 5.4

Алқаптардың ахуалы ғарыштық технологиямен анықталмақ

29.04.2012, 18:00 143


Облыс Әкімінің орынбасары Владимир Кошелевтің, облыстық ауылшаруашылығы басқармасының, облыстық аумақтық инспекциясы мен олардың аудандық бөлімдері басшыларының қатысуымен өткен аймақтағы егіс алқаптарының фитосанитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған кеңесте Бесқарағай, Жарма, Зайсан, Зырян, Көкпекті, Үржар аудандарында саладағы инспекторлық бақылау жұмыс-тарының тиісті деңгейде жүргізілмей жатқандығы айтылды.

Жыл сайын жүргізіліп отырған фитосанитарлық шараларға қарамастан облыстың егістік алқап-тарында ауылшаруашылығы өсімдік-терінің қауіпті зиянкестері азаймай тұр. Биыл да 131, 9 мың гектарға аса қауіпті зиянкестер мен өсімдік аурулары таралуы мүмкін деген болжам бар.
Облыстық аумақтық инспекциясы бастығының орынбасары Қуаныш Сейтқазиннің кеңесте баяндағанындай, облыстың егістік алқаптарында Азия шегірткесі, колорадо қоңызы сияқты кеміргіш зиянкестермен қоса өнімнің өсіп, көбеюіне, бұзылмай сақталуына мүмкіндік бермей отырған өсімдік аурулары да көп кездесіп келеді. Өсімдік аурулары негізінен ауру жұқтырған тұқымнан пайда болуда.
Аумақтық инспекция мамандары ауру таратпас үшін себілетін тұқымды алдын ала зерттеп, залалсыздандырудың маңызы зор екендігін айтады. Өткен жылы облыстың ауылшаруашылығы құрылымдары 110 мың тонна тұқым сепсе, соның 25 пайызы ғана залалсыздандырылған екен. Соның ішінде Ұлан ауданының шаруашылықтары тұқымды 89 пайыз көлемінде залалсыздандырса, Бородулиха, Шемонайха, Катонқарағай аудандары бұл талапты бар-жоғы 12, 21 және 8 пайыз көлемінде ғана орындаған. Ал Риддер, Бесқарағай, Күршім, Тарбағатай, Үржар аудандары тұқымның бірде-бір тоннасын залалсыздандырмапты. Нәтижесінде осы аталған аудандарда дәнді дақылдар түрлі өсімдік ауруларына шалдығып, өнімділігі төмендеген. Ауылшаруашылығы өнімдері тұқымын залалсыздандыру, әсіресе, тұқым шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтарда қатаң сақталуы тиіс дейді мамандар.
Кеңесте өзге дамыған елдердегі сияқты біздің облыста алғаш рет ағымдағы жылдан бастап ауылшаруашылығы алқаптарын ғарыштық «GPS» технологиясы арқылы зерттейтін компьютерлік жүйе енгізілетіні мәлім болды. Бұрын жорамал жасалып, шамаланып белгіленіп отырған қауіпті алқаптар енді ғарыштық технологияның көмегімен нақты анықталып, химиялық жолмен өңделмек. Облыстық аумақтық инспекция бастығы Асқар Жақыпбаев бұл шара фитосанитарлық жұмыстардың сапалы орындалуына үлкен мүмкіндік туғызатынын атап өтті.
Биыл егістіктің 131,9 мың гектарына аса қауіпті зиянкестер мен өсімдік аурулары таралуы мүмкін деген болжам бар. Республикалық бюджеттен 126,4 мың гектар алқапты тазартып, залалсыздандыруға қаржы бөлінген. Зиянкестердің ішінде ауылшаруашылығы дақылдарына көп кесірін тигізіп отырған жәндік, насекомның бірі – саяқ шегірткелер екен. Аймақта 2006 жылдан бастап үсті-үстіне көбейіп бара жатқан олар егінді кеміріп, отап, өзге де дәнді дақылдарға қырғидай тиюде.
Былтыр саяқ шегірткелерді құртуға байланысты жергілікті бюджеттерден 44,5 миллион теңге бөлінген. Ағымдағы жылы да жергілікті және облыстық бюджеттерден зиянкестерді құртып, өсімдік ауруларын жоюға орай қажетті көлемде қаржы бөлініп отыр.
Фитосанитарлық қауіпсіздік саласында орын алып отырған мәселенің тағы бірі осы қауіпсіздік шараларын орындаудан туып отыр. Ол тыйым салынған, жарамсыз болып қалған қауіпті пестицидтер мен қалдықтарды сақтайтын арнайы полигонның жоқтығы. Қазіргі күні облыста 60,3 тоннадан астам осындай химиялық улы заттар бар. Ал Үржар ауданында 50 тонна улы химикат ашық-шашық жатқан көрінеді. Үржар аудандық аумақтық инспекциясы бастығының міндетін атқарушы Асхат Омаров бұл улы заттарды сақтайтын орынның әлі күнге дейін табылмай отырғанын айтып, аудан әкімдігі тарапынан мәселе оңды шешімін таппай келе жатқандығын жеткізді. Сонымен қатар ауылшаруашылығы құрылымдарының жыл сайын пайдаланып келе жатқан 380 мың литр пестицидтерінің босаған ыдыстарын сақтау да үлкен проблема болып отырған жайы бар. «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заң бойынша улы химикаттарды сақтау, оларды жою жергілікті атқарушы биліктің міндетінде болғанымен ол талаптар орындалмауда.
Жиынды қорытындылаған облыс Әкімінің орынбасары Владимир Кошелев биыл Жарма ауданында ауылшаруашылығына арналған химиялық заттарды сақтайтын арнайы полигон құрылысы басталатынын айта отырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, мол өнім алудың бірден-бір кепілі болатын фитосанитарлық талаптарды орындаудан туындап отырған жәйттерге жете көңіл бөлу қажеттігіне тоқталды.
Кеңестен соң аудандық аумақтық инс-пекция мамандары Республика алаңына қойылған зиянкестерге қарсы күрес шараларын жүргізуші мекемелердің техникалық мүмкіндіктерімен танысты.

altaynews.kz





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив