KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОБ
476.27 515.47 5.41

Ауыл шаруашылығын тың өзгерістер күтуде

17.04.2012, 18:00 227



Елбасы Жолдауындағы ауылшаруашылығын дамыту және ет өнімдерін өңдеу мәселесін жүзеге асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысында мал басын 8-10 пайызға дейін өсіру үшін шетелдерден асыл тұқымды жеті мың мал басын әкелу де жоспарға қойылыпты. Ауылшаруашылығын дамытуға бағытталған мәселелер Бесқарағай ауданында облыс әкімінің орынбасары Владимир Кошелевтің қатысуымен өткен жиында талқыланды.

Шығыс өңірде егіс алқабы биыл бес пайызға ұлғаймақ. Осы орайда жиын тікелей көктемгі егістік және ауылшаруашылығына дайындық барысына арналды. Аймақтағы егін салынған жердің 40 пайызы ылғал сақтау технологиясымен өңделмек. Осы бағытта диқандараға 23 мың тонна дизельдік жанармай 81-82 теңгеден сатылатын болады. Бұл жанармайдың нарықтағы бағасынан едәуір төмен. Диқандар үшін арнайы субсидилар жеңілдікпен беріліп отыр.

-Өсімдік шаруашылығы да назардан тыс қалмайды, -деді облыс әкімінің орынбасары Владимир Кошелев,-соңғы жылдары тамшылап суғару әдісі бойынша жұмыстар кеңінен атқарылып келеді. Бесқарағай ауданында суғару бағдарлмамасының жобасы жасалуда. Бүгінгі таңда 4-4,5 мың гетар жерді «Жаңбыр» бағдарламасы арқылы жүзеге асыру қолға алынған. Осыны пайдалана отырып, өсімдік шаруашылығын жан-жақты дамытып, малға арналған азықтың барлық түрін өсіруге болады.

Бесқарағай ауданының әкімі Қалихан Байғонысовтың айтуынша, ауыл шаруашылығына қатысты тың өзгерістер облыстағы экономикасы ілгері болып саналатын өңірді алға қарай жетелей түсері сөзсіз.

Мәдениет үйінде өткен жиналысқа облыстық ауыл шаруашылығы басқарма бастығының орынбасары Т.Жексембаев, облыстық жер қатынастары басқармасының бастығы К.Төлеубеков, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекция бастығының орынбасары К.Сейтқазин және басқалар қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары В. Кошелев агроөнеркәсіптік кешенін дамыту және 2012 жылға арналған міндеттер, көктемгі егістік жұмыстарына дайындалу барысы туралы мәселелерді талқылай келе, семинарға қатысушы облыстық басқармалары және аудан басшыларына, ауылдық округтердің әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив