KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Сапта келе жатып Сталинді көрдім

27.04.2012, 18:00 186


Қай заманда болса да тарихты бұрмалаушылар және оған сан алуан көзқарастардың болғаны белгілі. Мәселен, Ұлыбритания мен АҚШ-тың тарихшыларына құлақ түрсеңіз, , фашизмді талқандауда солар шешуші рөл атқарған сияқты. Ал Ресей мен ТМД мемлекеттерінің тарихшылары «Жоқ, олай емес, жеңіске Кеңес Одағы мұрагерлерінің арқасында қол жеттік» дейді. Дүниеде қанша халық болса, сонша көзқарас болады. Уақыт өткен сайын көзқарас та өзгереді.
Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қазақ халқының қосқан үлесі орасан зор. Қазақтың сол ерлігін әлем мойындады. Ағылшын жазушысы Александр Верт соғыс басталғаннан бастап Мәскеуде төрт жыл тұрған. Сол адам «Соғыстағы Ресей» деген кітабында: «Бұл соғыста бәрінен өзін мықты көрсеткен ұлт – қазақтар» деп жазып, тарихи бағасын берген.
Мен өз басым Ұлы Отан соғысына қатысып, Мәскеуді қорғағанымды мақтан тұтам. Сондықтан Жеңіс күнін қазақтың өз мейрамындай тойлай бергенді дұрыс көрем.
Менің алғашқы қызмет еткен әскери бөлімшем Ішкі істер министрлігіне қарасты 2-ші мото-атқыштар дивизиясының 20-шы мотоатқыштар полкы деп аталды. Бұл әскери құрама Жоғарғы қолбасшының ерекше мақсаттағы резервіне жатады екен.
Бізге соғыс өнерін үйретумен қатар, парадқа да қоса дайындады. Таңертеңнен кешке дейін тыныштық бермейді. Шеруге дайындық сияқты күні бойы борбайымызды соғып, «выше шаг, еще выше» деп діңкемізді құртады. Түн ішінде «жау келіп қалды» деп оятып алып, окоп қаздырады. Оны бітірген соң бір окоптан екіншісіне баратын ор жол жасатады. Қойшы әйтеуір, тыныштық жоқ. Оның үстіне тамақ бермей, аштан қатырады. «Тяжело в учебе, легче в бою». Бұл – Суворовтың сөзі. Шынығу, шыдау керек дейді. 7-қарашада Қызыл алаңда парад болатынын бізге айтқан жоқ. Ол мемлекеттік құпия ретінде сақталды, бірақ солдаттар парад болатынын күні бұрын біліп, сөз қылып жүрді. Мұнысы не, жау иек астында, немістер анталап Мәскеуді алуға айналғанда парад өткізгені қай шатысқаны!?
Немістер де Мәскеу әне-міне құлайды, біз 7-қарашада Қызыл алаңда неміс әскерлерінің шеруін өткіземіз деп жар салып жатқан болатын.
Бұл кезде қала тұрғындары Мәскеу түбіндегі бекіністерді салуға тартылды. Тіпті, қаланың шетінде, көшелерде рельстен жасалған берік қазық қадалар, орлар, танк пен жаяу әскер өте алмайтын бөгеттер пайда болды. Үкіметтің бір бөлігі Куйбышевқа көшті. Мемлекеттік қорғаныс комитетінің мүшелері мен ставка Мәскеуде қалды.
Расында, бұл кезде Мәскеудің жағдайы қыл үстінде еді. Фашистік әскерлер кейбір жерлерде 20-30 шақырымға дейін таяп келіп, Мәскеу жартылай қоршап алынды. Оның үстіне әуе шабуылын күшейтіп, күндіз-түні қайта-қайта «тревога» жарияланып, Мәскеудің көшелеріне бомба түсіп жататын. Осындай жағдайда 1941 жылғы қазан айының ортасында мемлекеттік қорғаныс комитеті (ГКО) Мәскеу қоршалу жағдайында «в осадном положений» деген құпия жарлық шығарды. Соған байланысты Ішкі істер министрлі-
гіне қарасты біздің 2-ші мотоат-қыштар дивизиясын соғыстың
алғы шебінен шақырып алып, Мәскеудің ішіндегі аса маңызды коменданттық жұмыстарға қойды. Ендігі міндетіміз Мәскеудің кө-шесін аралап күзету. Екі солдат бір патрульді құрайды. Оны «ко-менданттық патруль» деп атайды. Қалтамызда Мәскеудің комен-данты генерал-лейтенант Сини-лов қол қойған, міндеттеріміз бен құқықтарымыз көрсетілген куәлі-гіміз болды. Баратын бағытымыз бен аралайтын көшемізді рота командирі бекітіп береді. Одан ауытқуға қақымыз жоқ. Казармадан шыққаннан кейін әскери комендатураға барамыз. Онда подполковниктен кем емес жоға-ры шенді офицер Мәскеудегі жағдайды түсіндіріп, неге назар аудару керектігі жөнінде нақты тапсырма береді. Біз содан кейін бекітілген көшеміздегі қызметі-мізге кірісеміз. Көшеде кездесіп қалған адамға немесе көлікпен келе жатқан жолаушыға өзімізді «коменданттық патруль» деп таныстырып, құжаттарын көрсетуді талап ететінбіз.
Неміс фашистерінің тегеуріні-нен қуғын көріп, шаршаған солдат-тардың және «жау келіп қалды» деп үрейленген москвичтердің рухын көтеру мақсатында Ішкі істер министрлігінің дивизиялары мен полктарының сарбаздарына парадный мундир кигізіп, көп қару-лы колоннаға тұрғызып, үрлемелі оркестрдің сүйемелдеуімен Мәс-кеудің басты-басты көшелерін аралатып қоятын. Мұның өзі «әне көріңдер, бізде сымбатты, әл-қуатты әскерлер әлі көп» деген халық арасында ұғым тудыратын. 6-ноябрьде Мәскеуде метроның «Маяковский» станциясында әдет-тегідей еңбекшілердің салтанатты жиналысы болды. Ал 7-қарашада Қызыл алаңда дәстүрлі әскер парады өтті, оған біздің әскери құрама да қатысты. Сапта келе жатып, мавзолейдің мінбесінде қол бұл-ғап тұрған Сталинді және басқа да Саяси Бюро мүшелерін көзіміз шалды. Тарихта бұлайша болып көрмеген осы бір парадта Жоғарғы қолбасшы Сталин кеңес халқына және жауынгерлерге арнап сөз сөйледі. Оның сөзі бүкіл халыққа жігер беретін асқан айбынды дабыл болып естілді.
Ноябрь айынан бастап Кеңес Одағының жағдайы оңала бастады. Қиыр Шығыстан әкелінген және еліміздің азиялық бөлігінде жасақталған әскери құрамалар жасырын түрде Мәскеуге жақын шоғырландырылды. 5-6 желтоқ-санда осы күштер қарсы шабуыл-ға шықты. Жау мұндай жағдайды күтпеген болу керек. Тың күштің тегеурініне шыдамай, шегіне бас-тады. Мәскеу түбіндегі шайқас гит-лершілер жеңілмейді деген аңыз-дың күлін көкке ұшырды. Жағдай біздің пайдамызға шешілді.
Мен осындай ерекше мақсат-тағы тапсырмаларды орындайтын әскери құраманың қатарында болып, жоғары лауазым иелері мен маңызды мемлекеттік нышандарды күзетуге қатысқанымды мақтан етемін. 1946 жылы мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара әскерлерінің құрамына ауысып, 1950 жылға дейін кеңес-фин шекарасында шекарашы болдым. Мұнда төрт жыл қызмет істеп, 1950 жылдың сәуір айында елге қайттым...

Жағыпар Жүнісжанұлы,

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив