KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 6 м/с, З
441.41 477.78 4.84

Қанша қазақ Кеңес Одағының батыры атағын алды?

9.05.2012, 18:00 280


– Бұған дейін тарих оқулықтарында және басқа да кейбір құжаттарда Кеңес Одағының батыры атағын алған қазақтардың саны 97 немесе 98 деп көрсетіліп келген-ді. Естуімше, бұл атаққа ие бол-ған қандастарымыздың қатары одан көбірек көрінеді. Соңғы деректер бойынша олардың саны қанша болды?

Ғазиз Дәулетбеков

Зырян ауданы.

Бұл сұраққа жауап Қазақ-стан Жазушылар одағының мүшесі Пернебай Дүйсенбин-нің ақпарат құралдарына берген деректерінен алынды:

– Осынау соғыста бүкіл КСРО бойынша 12 мыңнан астам жауынгерлер, командирлер, қолбасшылар, партизандар, қарапайым халық өкілдері осы елдегі 1934 жылы белгіленген ең жоғарғы құрмет – Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Солардың қатарында оған ие болған қазақ-тардың саны соңғы анықталған мәліметтерге жүгінсек, 103 адамды құрап отыр.

Иә, бұрындары бұл көрсеткіш кейбір ресми құжаттардың өзін-де, тіпті, тарих оқулықтарында 97, енді бірде 98 деп беріліп келген. Міне, осыны нақтылай түсу үшін мамандар көптеген анықтама-лық кітаптардағы 12 мыңнан ас-там батырдың өмірбаяндарын сүзе қарап, қазақ азаматтарын зерделей іздестірген. Тиянақты жұмыстың нәтижесінде аталған жоғары лауазымды атаққа қол жеткізген қазақтар енді 98 емес, 103 болғандығы дәлелденді. Мысалға, өзбектер иеленіп кеткен айтулы қазақтар: генерал-майор Сабыр Рахимов пен бөлімше командирі Расул Есетов осы санатқа қосылды. Дәлірек айтқанда, соғыс кезеңінде бұл атақ 100 адамға нақты берілсе, 1946 жылы оны Құдайберген Сұрағанов, 1965 жылы генерал Сабыр Рахимов, ал 1990 жылы Бауыржан Момышұлы алды.
Бұл таза ұрыс алаңында барлығы 103 қазақ осы жоғары атаққа ие болды деген сөз. Кейін, яғни, бейбіт кезеңде оған қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, Ауған соғысының қаһарманы Қайырболат Майданов қосылды. Соңғы азамат кейіннен Шешенстандағы қантөгісте Ресей Батыры атағын да иеленді. Бұлардан бөлек 90-шы жылдардың соңында кеш те болса Ресей Батыры атағын Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан ұшқыш-радист жетісулық Бақтыораз Бейсекбаев та алды.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив