KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 2,7 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Өскеменде вандалдар моладағы қорымдарды қопарып тастаған

24.04.2012, 18:00 166


Өскемен полиция басқармасына зейнеткер шағымданған. Қарт адам Ушанов қалалық мазарында болған оқиғадан жағасын ұстапты. Белгісіз біреулер молаларды тонап, күл-талқанын шығарған.

«Зейнеткер әкесі мен ағасының басына барып құран бағыштамақ болыпты, алайда ақсақал зираттардың орнында күл-талқаны шыққан үйінділерді көріп зәресі ұшқан. Белгісіз біреулер қорымды қопарып, кірпіштерін тонап кеткен», - деді Өскемен ІІБ баспасөз қызметі.

«Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жылдам іздестіру шаралары жүріп жатыр. Кінәлілер міндетті түрде іздестіріліп, жауапқа тартылатын болады», - деп нақтылады ведомстводан.

Мәлiметтiң көзi: BNews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив