KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 3,1 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Өскемендік балабақшалар қатаң тәртіпке көшті

23.04.2012, 18:00 176


Енді ондағы бүлдіршіндерді бұдан былай ата-анасынан өзге адамдар тек «сенімхатпен» үйлеріне әкете алады.

Қолдарында нотариустың мөрі басылған сенімхат болмаса, балабақша басшылығы сәбиді бұрынғыдай туыс-жегжатына қосып жібере салмайды. Бұл шешім бастапқыда бүкіл өскемендіктердітаң қалдырғанымен, қазір жұрт түсіністікпен қарай бастапты. Балабақшадан қайтқан балалардың жоғалу дерегі бұл өңірде бұрын-соңды тіркелмеген. Сондықтан әке-шешесінің қолы тимеген жағдайда, балаларды олардың туыстары, таныстары тіпті көршілері келіп әкете бастаған. «Көрінген адам жетектеп жүре берсе бір күні бұның соңы қайғылы аяқталуы мүмкін»- деген білім басқармасындағылар, осындай тәртіпке көшуді ұйғарыпты.

Думанғазы Арғынғазин,ШҚО білім басқармасының бастығының орынбасары:

- Өркенниетті елдердің көпшілігінде осындай тәртіп қабылданған. Тек қана балалардың қауіпсіздігі үшін. Өмірде қазір неше түрлі қорқынышты жағдайлар болып жатыр. Дүние жүзінде, маңаймызда, көршілерімізде дегендей.

Мәлiметтiң көзi: ktk.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив