KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 9 м/с, ОБ
481.84 531.33 5.07

Гиннес рекордтар кітабына енген ең қорқынышты фильмді білесіз бе?

20.06.2016, 18:00 174




Пайда болғанына бір ғасырдан асқан қорқынышты фильмдердің тигізетін зияны аз емес. Мысалға, 16 маусым күні Үндістандағы Тируваннамалай қаласында алпыс бес жастағы ер адам “Заклятье 2” атты фильмнің премьерасын көргеннен кейін жүрек талмасынан қайтыс болды.Сонда да бұл жанрдың пайдалы жақтары бар ма?

Қорқынышты фильм — көрерменді қорқытып, жайсыздық сезімін сездіретін және белгісіздік әсерін тудыратын көркем фильм жанры. Ал ең қорқынышты фильм ретінде Гиннес рекордтар кітабына еңген «Экзорцист» танылады, сондықтан оны он алты жасқа толмаған балаларға көруге рұқсат етілмейді.Отандық кинемотографқа келсек режиссерлерімізқорқынышты фильмдерді түсіруге енді ғана бет бұрып келеді. Еркін Рақышевтің "M Agent", Ермек Шаяхметтің«Өлгендермен селфи» деп аталатын туындылары осыған мысал бола алады.

- Мен мұндай фильмдерді өте сирек көремін. Мұның ішінде вампир, жын-шайтандар жайлы түсірілетіндерін мүлде ұнатпаймын. Себебі мен үшін олар қорқынышты емес, ал кісі өлтірушілер жайындағы фильм көрсем, шынымен де бойымды үрей билейді. Жалпы, осындай фильмдердің пайдасы аса көп деп айта алмаймын. Одан да адамдарға мағыналы және комедия жанрдағы киноны көруге кеңес берер едім. Өз басым комедия көргенді аса ұнатамын,- дейді оқушы Іңкәр Серік.

Ғалымдардың айтуынша, бұл жанрдың жанкүйерлері аз ауырып, ұзақ өмір сүреді деген дерек бар. Өйткені аз көлемдегі қорқыныш ағзамыздағы зат алмасуды жиілетіп, ми жұмысын жақсартып, ауруға төзімді етеді. Психологтардың айтуына қарағанда қорқыныш әсерінен біздің ағзамызда тиісті гормондар өндіріледі. Ішкі құрылысымыздың ерекшелігі сонда, қауіпті жағдай туындаған кезде бездер ағзамызға табиғи есірткі шашады. Олар бізге сергектік беріп, эйфория жағдайына апарып қана қоймай, кейбір аурулармен күресуге қабілетті болады.

Вестминстер университетінің зерттеуінше қорқынышты фильмдер адамға артық калорийдан арылуға көмектеседі. Мысалы, «Сияние» атты киноны тамашалаған кезде көрермен орташа есеппен 184 калория жоғалтуы мүмкін.

Сондай-ақ, сапалы қорқынышты кино адамның жүйкесіне мықты әсерлі треннинг бола алады. Олар фильмді көру барысында фантазияны жетілдіруге көмектеседі. Бұл фобия және басқа психологиялық ауытқулардан арылу жолдарының бірі. Адамда қорқыныштың пайда болуы кезінде, осы хоррор жанры оларға бұл сезімнен арылуға көмектеседі.

Жаңа технологиялардың пайда болуымен қатар,зорлық-зомбылықты тек виртуалды әлемде көретіндіктен, біздің қоғамымыз гуманды бола бастады. Сәйкесінше, қорқыныш пен үрейдің бейнелері бар туындылар, адамның агрессивты қажеттіліктерін жалған ортада қанағаттандыру нәтижесінде қоғамды гуманизациялауға арналған.

- Шамамен бес жасымнан бастап, әлі күнге дейін бұл менің сүйікті жанрым. Жеке өзіме мұндай фильмдер эмоция, адреналин сыйлайды. Әрі бүгінгі дамыған заманды адамдарға дәл осы дүние жетіспейді деп ойлаймын. Ал эмоциясы жоқ адамның, роботтан не айырмасы бар? Міне, мұнда сен өзіңе шынайы өмірде жетпейтін сезім толқынын ала аласын, - дейді студент Мадияш Муратова.
АҚШ-та жыл сайын қорқынышты фильмдерді көріп жүрек талмасына ұшыраған адамдар саны, парашютпен секірген кезде қаза болатын адамдардың санына қарағанда көбірек. Биохимиктардың айтуынша, аталған фильмдер ағзаның өзін-өзі жою программасын жүзеге асырады. Бұл тек психикаға ғана емес, сондай-ақ физиологиялық жағдайға кері әсер етеді. Үрей тудыратын кино көретіндерде антиденелердің мөлшерден көп бөлінуі байқалады. Әдетте бұл жасушалар ағзаны вирустың енуінен қорғайды. Алайда, кейбір жағдайда антиденелер адамның сау жасушаларына шабуылдауы мүмкін.

Сонымен қатар, бұл фильмдерді тамашалағанда өміріңіздегі жағымсыз оқиғалар туралы естеліктер ойыңызға оралуы ықтимал. Сол себепті, егер сізде жасырылған қорқыныштар болса және оларды оятқыңыз келмесе, онда қорқынышты фильмдерді мүлде көрмегеніңіз жөн.

Әдетте ата-аналар балалары психологиялық зақым алады деген қорқыныштан, оларға мүндай киноларды көруін шектейді. Балаларды былай қойғанда, ересек адамдардың өздері кадрлардағы қысымға шыдай алмай кетеді. Ата-ана, ұстаздар тарапынан қажетті мөлшерде көңіл бөлінбеуі, қоғамдағы қиыншылықтар жеткіншектерді түрлі әрекеттерге баруының бір себебі. Егер бала агрессияға берілсе, демек оның ағзасында психологиялық ауытқулар бар, мұның нәтижесі адекватты емес әрекеттерге әкеліп соғуы мүмкін.

- Психологиялық тұрғыда бала қорқынышты бейне фильмді көрген кезде жиналған ақпаратты санасыз түрде қорыта бастайды. Яғни мұнда рөл сомдайтын бір кейіпкерді таңдап орнына өзін қояды.Сюжет бойынша кейіпкер қандай жағдайға ұшыраса бала оны өз басынан кешіргендей болады. Мысалы, бала мультфильм көріп болған соң, өзін сол мультфильмнің батыры болып елестетеді. Фильм көргендегі жағдай дәл жоғарыдағыдай, бірақ керісінше. Қорқынышты фильмдерде көбінесе қара түсті эпизодтар жиі орын алатындықтан, бала үрей, қорқыныш сезімін басынан кешеді. Егер де фильмді түнде көретін болса, онда балада ұйқыдан кейін өзін-өзі сендіру ерекшелігі айқын байқалады. Мысалға, қараңғы бөлмеге кірген сәтте бала фильмдегі оқиғаны еске түсіріп бірден эмоционалды қорқынышты бастан өткеруі мүмкін.Кейбір жағдайда мұндай кино фобияның құраушы негізі болып есептеледі.
Нәтижесінде, бала түңіліп жүреді, кез келген жерде эмоционалды қорқыныш сезімін, кейбір жағдайда агрессивті мінез танытады, қарым-қатынасқа аз түсіп, адамдармен араласпай кетуі мүмкін, - дейді lid орталығы психологының көмекшісі Мақсұт Мустафин.

«Шамасын білсен, бәрін білесін» демекші, адреналин, қорқыныш, эмоция қажет, бірақ тек белгілі бір мөлшерде.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив