KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,3 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Қазақстан бес миллион қытайды қабылдай ма?

23.04.2012, 18:00 152


Ресей экономика жоғары мектебіндегі Ұлттық зерттеу университетінің профессоры Алексей Масловтың болжамынша, таяу жылдарда Орталық Азия елдерінде 8 млн. қытайлық өмір сүретін болады.

Бұл туралы «Айқын» газеті сейсенбі, 24 сәуір күні шыққан санында жазды.


Шығыстанушы ғалымның пікірінше, Қытайдың қазіргі әрекеті Орталық Азияны өзінің экономикалық мүддесіне қарай бейімдеуге бағытталған. Өйткені Қытай Халық Респубикасы үшін капиталын экспорттау және энергоресурс нарығына шығу қазіргі кезде өте қажет.


«Бұл жерде Қытай саясатының солтүстік-батыс векторы бар. Ол мынаған байланысты: Қазақстанға тірелетін Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында қытайлықтардың саны соңғы жылдарда күрт өсті. Бүгінгі күні ол 30 млн. адамды құрайды. Осының өзі аз емес, енді біраз уақытта 100 млн. адамға дейін өседі. Ал оның соңы лықылдап толғаннан кейін «сыртқа төгілуге» әкеліп соғады», - деп мәлімдеді Ұлттық зерттеу университеті шығыстану бөлімінің меңгерушісі, профессор Алексей Маслов Тәуекел-менеджмент бойынша өткен 8-інші халықаралық конференцияда.


Ғалымның болжамынша, Шыңжаң-Ұйғыр ауданынан шыққан 8 млн. қытай таяу жылдарда Орталық Азияға келіп қоныстануы мүмкін екен. «Осы 8 млн. қытайдың қанша пайызы Қазақстанға келуі мүмкін?» деген сұраққа Алексей Маслов: «Шамамен 2/3-і», - деп жауап берді. Сонда Қазақстан бес миллион қытайды қабылдауы керек пе?

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив