KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

Он екі мыңнан астам адам сенбілікке шықты

22.04.2012, 18:00 120


Жуықта Бесқарағай ауданының орталығы мен ауданға қарасты елді мекендерде жоспарға сәйкес сенбіліктер өткізілді. Қоғамдық жұмысқа 12 мыңнан астам адам жұмылдырылды.

Өткен сенбілікке облыс Әкімінің орынбасары В.Кошелев, Бесқарағай ауданының әкімі Қ.Байғонысов, ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлері, кәсіпкерлер және ауыл тұрғындары қатысты. Көшелер, саябақтар мен ескерткіш алаңдары тазаланды. Спорт алаңқайларының аумағы да толық тәртіпке келтірілді.

Бесқарағай ауылын көгалдандыру бойынша әзірленген жоспарға сәйкес көшелер бойынша 1000 терек және ауданның зейнеткерлері мен тыл еңбеккерлерінің қатысуымен 20 шырша отырғызылды. Аудан орталығында ғана емес көгалдандыру жұмысы ауылдық округтердің барлығында дерлік жүргізілді.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив