KZ
Өскемен
-2°
переменная облачность Штиль
481.84 531.33 5.07

Семейліктер жалпықалалық сенбілікке шықты

13.04.2013, 18:00 217


Семейде қала аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жалпықалалық сенбілік өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторының мәліметіне жүгініп.

Қала бойынша сәуір-мамыр айларында сенбілік ұйымдастырылатындығынан қала әкімінің орынбасары Димитрий Гариков хабардар еткен болатын.

Қалалық ТҮКШ бөлімі әрбір тазаланатын жерлердің қайсысы қай мекемеге тиесілі екендігін анықтады. Жалпықалалық сенбілік кезінде жекелеген тұрғын үйлер ғана емес, мекеме, кәсіпорын, сауда орталықтары, оқу орындары түгелдей өздеріне тиесілі аумақтарға тазалық жұмыстарын жүргізді.

Сенбілікке 50 автомашина және өзге де арнайы техникалар жұмылдырылды.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив