KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2,6 м/с, Ю
481.84 531.33 5.07

Жуықта балабақша ашылады

22.04.2012, 18:00 145


Жұмыс сапарымен Аягөзге келген облыс Әкімінің кеңесшісі Василий Ахаев жуықта пайдала-
нуға берілгелі отырған балабақшада болды.

Бұл ғимарат өткен жылы аудандық соттан жергілікті бюджеттің қаржысы арқылы 50 миллион теңгеге сатып алынып, күрделі жөндеуден өткен болатын.

Бүгінгі күні жөндеу жұмыстары толық аяқталып, бақша балаларды қабылдауға дайын. Он бір бөлімнен тұратын мектепке дейінгі тәрбие орнын аралап көрген облыс Әкімінің кеңесшісі атқарылған жұмыстарға жоғары баға берді. Аудан әкімі Әнуарбек Мұхтарханов облыс басшысының кеңесшісін ел игілігіне берілгелі отырған жаңа ғимаратпен таныстырды.

Сол күні Василий Ахаев Қарағаш ауылына барып, жаңадан салынып жатқан мектептің құрылысын көзбен көріп қайтты.


Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив