KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

Медиация дегеніміз не?

22.04.2012, 18:00 232


– «Медиация туралы» Заң нені меңзеп, нені мақсат етеді? Жалпы, медиация дегеніміз не?

Нариман Мұхамедияров

Өскемен


Бұл сұраққа Өскемен гарнизоны әскери сотының төра-ғасы Санат Сәрсенбаев жауап береді:

– «Медиация туралы» Заң 2011 жылдың 5-тамызында кү-шіне енді. «Медиация» сөзі латын тілінен аударғанда «бітім-гер» деген мағынаны білдіреді. Бітімгершілік – қазаққа жат ұғым емес. Бұрын ұры-қарылар бедел-ді ақсақалдардың шешімімен өз жазасын алып, екі жақ келісімге келіп отырған.
Шетелде бұл тәжірибе бая-ғыдан қолданылып келеді. Мысалы, АҚШ (95 пайыз) пен Британияда (87 пайыз) көптеген даулы істердің басым бөлігі сотқа жетпей, бітімгершілік жолмен шешіледі. Бұл тәсіл істі соз-бай, жүйке тоздырмай бітіруге көмектеседі.
Аталған заң медиацияның қолданыс аясын, медиаторлар-дың кұқықтық мәртебесін ай-қындайды. Заң бойынша медиаторлар тізіміне тіркелген және дайындықтан өткені жөнінде сертификаты, жоғары білімі бар жеке тұлға медиатор бола алады. Медиатордың қызметі кәсіби және кәсіби емес негізде жүзеге асырылуы мүмкін.
Мәселенің ақ-қарасын анық-тауда сот пен медиация арасында айырмашылық көп. Сот туындаған дауды заң тұрғысынан қарайды,
ал жаңа заңда екі тараптың мүд-десі көзделіп, шешім шығарылады. Оның үстіне сотқа шағым-данушы уақыттан әрі ақшадан ұтылады. Екі жақты дау-жанжал-ды сотқа жеткізбей нүкте қою – адамдарды эмоциялық күйзелістен сақтайды. Сот көпшілік алдында өтсе, медиация көпші-лікке жария етіле бермейді. Сотта бір жақтың ғана талабы қанағаттандырылып, ал қабылданған шешімге екінші жақтар келіспей жатады. Ал «Медиация туралы» Заңда екі жақтың да көңілін тауып, дау-дамайды бейбіт жолмен шешу қарастырылған. Мұнда айып-талушы кінәсін мойындап, жәбір-ленуші кешіргенін айтып, екі тарап істі шулатпай бітімге келеді. Бұл медиаторға үлкен міндет жүктейді. Араздасушы жақты татуластыру – екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Сондықтан медиатор өмірлік тәжірибе жинақтаған, білімді, сыр сақтай білетін адам болуы керек.
Аталмыш заң еңбек ұжымында, тұрмыста, бизнесте болатын келеңсіздіктерді мәдениетті түрде шешуге мүмкіндік береді, сонымен бірге соттардың жүктемесін азайтып, бюджет қаражатын үнемдеуге ықпал етеді.
Қазір бұл заң жер-жерде кеңінен насихатталуда. Біздің мекеме де жуырда мамандардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізіп, аталған заңның мән-жайын, қолдану тәртібін талқыға салды.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив