KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Соттағы мемлекеттік баж құны көтерілуі мүмкін

15.02.2019, 04:39 143

Қазақстанда соттағы мемлекеттік баж құны көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Мемлекеттік баж құнын көтеру мәселесі жаңа заң жобасында қаралады. Бұл заң жобасы сот жүйесін жаңғыртуға қатысты болмақ және парламентке наурыз айында ұсынылады.


Соттағы мемлекеттік баж құнын көтеру арқылы ұсақ істердің саны азайып, бірінші сатыдағы судьялардың жұмысы жеңілдей түседі деп болжануда.  Себебі, мемлекеттік баж құны төменг болғандықтан, сотқа арыз-шағымдар көптеп беріледі және адамдар медиация арқылы бейбіт келісімге келуден бас тартатын көрінеді.


Бұл туралы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов мәлім етті. Оның айтуынша, мемлекеттік баж құны айт айтарлықтай қымбаттай қоймайды, медиаторлар қызметінің құнымен бір деңгейде болмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив