KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 3,5 м/с, З
481.84 531.33 5.07

«Фаворит» - жаңа жүйені іске қосқан серіктестік

19.04.2012, 18:00 128



Зырян ауданындағы ағаш материалдарын дайындаумен айналысатын «Фаворит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өткен жылы өндірісте бірнеше жаңа жүйені іске қосқан еді.

Соның нәтижесінде биылғы жылдың алғашқы тоқсанында өндірілген өнім көлемін анағұрлым арттыра отырып, түскен табыс көлемін де үш есеге көбейтті.

Кәсіпорындағы жүйенің бірінде нарықта үлкен сұранысқа ие болып отырған фанерлер дайындалады. Осында орнатылған жаңа жабдықтардың арқасында бұрын айына 50 -70 текше метр өнім шығарылса, енді ол 250-270-ке дейін жетіп отыр. Сол сияқты бөренелер жону, тақтай тілу, басқа да ағаш материалдарын дайындау жұмыстарының ауқымы біршама артты. Ал ағаштарды кептіру, тілу сияқты жұмыстардың сапасы арта түсті.

Кәсіпорын қазір ағаш дайындап, оны тасудан бастап, өңдеу мен дайын өнім шығаруға дейінгі барлық өндірістік процестерді толық атқарумен бірге оны кеңейту, өндірісті жаңғырту жұмыстарына үлкен мән беруде. Сондықтан биыл да өндіріске жаңа жабдықтар алынбақ.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив