KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 3,5 м/с, З
481.84 531.33 5.07

«Миллиардер»-қылмыскер рақымшылықпен босатылды

17.04.2012, 18:00 108



http://inform.kz
Көкшетауда мемлекетке аса ірі көлемде шығын келтірген «миллиардер»-қылмыскер рақымшылықпен бостандыққа шықты.

Бұл туралы «Экспресс К» газетінің (№67 (17425) от 17.04.2012) «Ұрлағаннан кейін миллиардтап» мақаласында жазылған.

Петропавл тұрғыны Николай Гончаров 2005 жылы Көкшетауда «Дилижанс-Плюс» ЖШС-ны ашты. Тергеудің пайымы бойынша, ол кәсіпорынды қылмыстық пиғылмен - салық төлеуден жалтару мақсатында ашқан. Гончаров жалған жөнелтпе-құжаттар мен шот-фактураларды толтырып, коммерциялық құрылымдарға жөнелтіп отырған. Олар өз кезегінде, оған «ауа» үшін аса ірі көлемдегі сомаларды аударып отырған.

Іс жүзінде «Дилижанс-Плюс» бір теңге де таппаған және ешкімге ештеңе жөнелтпеген, компания түскен қаржыны тек шешіп алумен айналысқан. Күмәнді келісімде болғандардың қатарында ондаған ірі және орташа кәсіпорындар бар.

2011 жылы қаржы полициясы Николай Гончаровты тұтқындады, ал оның сыбайласы қашып үлгерді. Көп ұзамай бухгалтерлік ревизия олардың Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мемлекеттен үш миллиардқа жуық теңгені жасырғанын анықтады.

Істі тергеу барысында күдікті «миллиардер» жалған кәсіпорынды ұйымдастырғандығын мойындады. Алаяқты темір тордың ар жағына тоғытудың орнына, судья оны рақымшылықпен босатты.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив