KZ
Өскемен
+28°
небольшая облачность жел 5 м/с, З
443.44 480.51 4.88

Шығыс Қазақстанда биыл көктемгі егіс жұмыстары ауа райының қолайсыздығынан 10 күнге кешігіп басталды

5.05.2013, 18:00 159


Шығыс Қазақстанда биыл көктемгі егіс жұмыстары ауа райының қолайсыздығынан 10 күнге кешігіп басталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жайында облыс әкімінің орынбасары Владимир Кошелев баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

"Көктемгі ауа райының құбылмалығынан аймақта көктемгі дала жұмыстары 10 күн кешігіп басталды. Бірақ облыс шаруашылықтары көктемгі егіс науқанына ерекше дайындықпен келгендіктен, біз бәрін уақытында аяқтаймыз, " деді әкімнің орынбасары жиында.

Биыл егіс алқаптары былтырғыға қарағанда 60-90 мың гектарға арттырылғалы отыр. Бұған шаруашылықтардың экономикалық әлеуеті жетеді. Пайдаланылмай жатқан әлі 154 мың гектар егістік жер бар.

Егін шаруашылығын әртараптандыру бағытында басты мән беріліп отырған жәйт – мал азығындық дақылдар өсіруді көбейту. Бұршақ тұқымдас дақылдар мен мал азығындық өсімдіктер, шөптер егуге үлкен мән берілуде.

Оларға берілетін субсидия көлемі де қомақты. Сонымен қатар майлы дақыл, мал азығындық дақыл ретін-де жоғары бағаланып келе жатқан соя, рапс дақылдары да көптеп егілуде. Осы дақылдар өсірілетін егіс алқаптары енді екі-үш есеге көбеймек.

Дақылдарға берілетін субсидия мөлшері биыл гектарына 10 мың теңге болып көтеріліп отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив