KZ
Өскемен
-2°
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

RADIO ALTAY жаңалықтары - 18 сәуір 2012 жыл

17.04.2012, 18:00 242


Кешкі шығарылым RADIO ALTAY


Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Облысымызға Корея Республикасының Кангвон провинциясынан мәртебелі меймандар келді. «Сонгсим» атты жедел жәрдем ауруханасының дәрігері, профессор Ан Му Еоб бастап келген делегация өңірімізге жасаған үш күндік сапары барысында Семей мен Өскеменнің медициналық мекемелерін аралады. Корейлік делегация өкілдерін облыс Әкімінің бірінші орынбасары Серік ӘБДЕНОВ қабылдады. Кангвондық әріптестердің өңірде телемедицинаны дамыту туралы ұсынысының маңыздылығы жайында атап айтылды.

Шығыс Қазақстан облысының Әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ бастамасымен Парламент Мәжілісінің назарына полигоннан зардап шеккен аймақ тұрғындарының өтініш-тілектері жеткізіледі дегенді естігеннен бері жергілікті халықтың жарғақ құлағы жастыққа тимеуде. Бұл жолы Семей қаласындағы «Үй» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген отырыста тұрғындар неше жылдан бері жинақталып қалған жанайқайларын жеткізді.

Шығыс Қазақстан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында мүгедектердің құқығын қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық жоспарды іске асыруға арналған өңірлік семинар-кеңес болып өтті. Басқарма мамандарының сараптамасына сүйенсек, облыстағы әлеуметтік және көліктік инфрақұрылымдардың 80 пайызы бүгінде мүгедектер үшін қолжетімсіз. Бұл кедергілерді жою үшін жоспар бойынша алдағы екі жылдың ішінде әлеуметтік нысандардың қолжетімділік деңгейін төлқұжаттау көзделуде.

Ұлан ауданына қарасты Асубұлақ кентінің тұрғыны Алға Тұрсынбек осымен екінші жыл қатарынан бақшалығындағы шағын жылыжай кешенінде көкөністерді өсірумен шұғылданып келеді. Талапты жас қиярдан жақсы өнім алуға қол жеткізді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Майра Айсина мен Айгүл Соловьева Өскеменде әртүрлі мемлекеттік емес ұйымдар өкілдерімен кездесу өткізді. Әңгіме барысында халық қалаулыларының сайлаушылар алдындағы уәделерінің орындалуы, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды қабылдау және аймақта жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру жайы сөз болды.





Түскі шығарылым RADIO ALTAY


Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Ағымдағы жылдың 20 сәуірінен бастап 20 шілдесіне дейінгі аралықта облыс аумағында «Мен сіздің учаскелік инспекторыңызбын!» республикалық акциясы өткізіледі деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенген Алтайньюс тілшісі. Акцияның мақсаты байланысқа барынша қол жеткізу, учаскелік полиция инспекторлары мен халық арасында серіктестік қарым-қатынас қалыптастыру және оны дамыту болып табылады.

Елбасы Жолдауындағы ауылшаруашылығын дамыту және ет өнімдерін өңдеу мәселесін жүзеге асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысында мал басын 8-10 пайызға дейін өсіру үшін шетелдерден асыл тұқымды жеті мың мал басын әкелу жоспарға қойылыпты. Ауылшаруашылығын дамытуға бағытталған мәселелер Бесқарағай ауданында облыс әкімінің орынбасары Владимир Кошелевтің қатысуымен өткен жиында талқыланды.

Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес отырысында Көкпекті ауданындағы барлық мешіттердің тіркеуден өтуі мен зайырлы мемлекеттегі діннің рөлі мәселесі төңірегінде әңгіме өрбіді.
Кеңестің мақсаты азаматтардың діни еркіндіктерінің құқықтарын қамтамасыз ету және конфессияаралық қатынастарға сай келетін жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін үйлестіру, қоғам арасында діни келісімді нығайту болды.

Ұлан ауданы Саратовка ауылындағы Ахметов атындағы орта мектепте дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орай айлық өткізілді. Айлық барысында мектеп медбикесі ауылдық дәрігерлік амбулаторияның дәрігерлерімен бірлесіп, туберкулезбен күрес барысы және басқа да осы тектес тақырыптарда мектеп қызметкерлерімен әңгіме өткізді.

Шығыс Қазақстан облысы орталығындағы оқу-зерттеу экологиялық-биологиялық орталығының құрылғанына 60 жыл толуына орай Өскемен қаласының әкімшілігі мектеп оқушыларының арасында облыстық экологиялық-биологиялық конференциясын өткізген болатын. Бұл конференцияға Аягөз қаласынан 4 оқушы қатысып, жеті түрлі секция бойынша өз жұмыстарын қорғады.





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив