KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 3,5 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Үгіт- насихат поезы Аягөзде болды

16.04.2012, 18:00 148



Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылуына 20 жыл толуына орай Елбасы- ҚР Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы Н.Назарбаевтың бастамасымен үгіт-насихат пойызы жол тартқан еді. Астанадан бастау алған бұл сапар Алматы, Қызылорда, Шымкент, Тараз, Семей, Өскемен қалаларымен жалғасып Аягөз гарнизонына да келіп жетті. Үгіт-насихат пойызын Қарулы Күштер полковнигі Аманкелді Ибраев бастап келді.

Аягөз вокзалының перронында Аягөз ауданының әкімі Ә.Мұхтарханов пен қала әкімі Б.Баяхметов, ардагерлер алқасы, гарнизон жауынгерлері мен қала тұрғындары қарсы алды.

«Ел іргесінің амандығы, береке-бірлігіміз - біздің айбынды Қарулы Күштеріміздің мызғымас беріктігінен»,- деді келген қонақтарды құттықтаған аудан басшысы. Ұлы Отан соғысының ардагері, екі дүркін «Қызыл Жұлдыз» иегері Асқар Жұмаділов ағамыз Қарулы Күштердің 20 жылдығымен құттықтап, бейбіт заман тіледі. Қалалық № 1 жалпы білім беру мектебінің оқушылары өлеңмен өрнектеп, жалынды сәлем жолдаса, «Қозы Көрпеш -Баян сұлу» атындағы мәдениет үйінің әншісі Елдос Жақсылықов М. Мақатаевтың « Аягөз деген арулар елі кешегі» деген жырын арнады. Үгіт-насихат пойызының жетекшісі полковник А. Ибраев Аягөз гарнизонының жауынгерлерін келе жатқан мерекелерімен құттықтай отырып, аудан басшысы мен жұртшылығына ризашылығын білдірді.

Үгіт-насихат пойызының өкілдері «Қозы Көрпеш -Баян сұлу» мәдениет сарайында қала тұрғындары, Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысының ардагерлерімен кездесіп, әскерге дейінгі жастағы жасөспірімдермен «Ерлік сабақтарын» өткізді. №10810 әскери бөлімінің Мәдениет сарайында әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне арнап концерттік бағдарлама ұсынып, спорттық ойындардан жарыстар ұйымдастырды.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив