KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 4 м/с, В
472.57 508.34 5.4

Өскемендіктер қоланы қанағат тұтты

15.04.2012, 18:00 114


Волейболдан ұлттық лиганың командалары арасындағы жиырмасыншы мерекелік ел чемпионаты былтыр қараша айында басталып, биылғы сәуір айында мәреге жетті.

Ерлер командалары арасындағы соңғы 6-шы тур Хромтау қаласында өтті. Соңғы турда ғана жүлделі орындарға ие болған командалар анықталды. Бірінші орынға «Алматы» мен «ТНК «Казхром» (Хромтау), ал үшінші орынға «Шығыс-СвинецСтрой» (Өскемен) мен «Атырау» (Атырау) волейболшылары таласты.

Аса тартысты өткен бәсекелерде «Алматы» ел чемпионы атанса, «ТНК Казхром» күміс медальға ие болды. «Шығыс-СвинецСтрой» командасы қола медальды еншіледі.

Маусымның үздік ойыншылары ретінде Алексей Гутор («Алматы»), Евгений Быхалов («ТНК Казхром»), Сергей Смирнов («Шығыс-СвинецСтрой») және басқалары аталды.

Ал ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында Талдықорғанның «Жетісу» командасы бірінші орынды иеленді. Өскеменнің «Шығыс-СвинецСтрой» командасы жетінші орынға табан тіреді. Біздің командадан Инна Шкурина маусымның таңдаулы ойыншысы атанды.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив