KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 5,2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Соғыстың жаңғырығы санадан кетпейді

13.04.2012, 18:00 247



Соғыс ардагері Жұмаділ Дүйсекетегі сонау отызыншы жылдардың ойпыл-тойпылында жан сақтау үшін Семей, оданТаулы Алтайға ауа көшкенде небәрі 10 жастағы бала еді. Жұмаділ сол жақта 7-класты оқып бітірді. Тұрмыс-жағдайлары түзелген соң бұлар қазақ іші деп Аягөзге, одан туған ауылы Құндыздыға аман-есен оралды.

Тағдырға не шара. Тепсе темір үзетін жас жігіт, колхоз жұмысына тартылғанына бір ай болғанда, соғыс басталады. Ол Беларусь майданына қарасты №5 артиллериялық девизияның құрамында Курск шайқасы мен Харьков қаласын азат етуге қатысады.

Осы ұрыстардың бірінде батыл әрекеттерге барып ерекше көзге түсіп «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады. Өзі қатты контузия алып госпитальға түседі. 1944 жылы бұлардың бөлімі 336-артиллеристер полкіне қосылады. Емделіп шыққан соң оны мергендер мектебіне жібереді. Мектепті үздік бітірген соң орысша тәп-тәуір сөйлейтін Жұмаділ орудия командирлігіне тағайындалады.

Міне содан бері 65 жылдан астам уақыт өтсе де сол бір қанды қырғынға толы қаһарлы жылдар, ауыр күндер ардагердің санасында жатталып қалған.

Елестеп өтті алдымнан,
Жаралы жылдар бейнесі – деп ақын айтқандай ардагер ауыр күрсініп, сол бір сұрапыл кезді еске түсіргендей терең ойға шомады.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив