KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 5 м/с, СШ
475.39 513.37 5.4

Ең үздік мақала үшін - алтын құйма мен 1 млн. теңге

9.04.2012, 18:00 146



«Арнау» тіл мәдениетін дамыту орталығы Қазақстан Медиа альянсының ақпараттық қолдауымен қазақстандық БАҚ-тар мен блогерлері арасында мемлекеттік тілді меңгерудің үлгілері мен инновациялық әдістері жайындағы ең үздік жарияланымдарға алғашқы жыл сайынғы сайыс жариялайды.

Ұйымдастырушылар тәуелсіз сарапшылардың қазақ тілін үйренушілер арасында өткізген зерттеуінің нәтижесін негіз ретінде ала отырып, білім беру мекемелерінен басқа, мемлекеттік тілді дамытуға бұқаралық ақпарат құралдары аса зор үлесін қосатындығы туралы пікірді 79% респондент білдіргенін атап айтады. Зерттеуге қатысушылар, сонымен бірге, тіл үйрену үрдісінде қоғамдық институттар (шамамен 51%) мен бизнестің (шамамен 63%) де маңызды екенін айтқан.


«Арнау» тіл мәдениетін дамыту орталығы бұл сайысты журналистер мен блогерлерді қазақ тілі мен оны меңгерудің нәтижелі әдістерін Қазақстан халқына түсіндіруге уәждеу мақсатында ұйымдастырып отыр.

Ұйымдастырушылар БАҚ пен Интернетте бұл мәселе жайында ақпарат тарату мен оқырмандарды қазақ тілін үйренудегі жаңа, инновациялық әдістерімен таныстырудың белсендірілуін күтеді.

«Арнау» орталығының бас директоры Дана Жақыпованың айтуынша, БАҚ тіл мен оны меңгеру формаларына деген жағымды және конструктивті көзқарас қалыптастыруда негізгі рөл атқарады. «Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін жетік білетін табысты қазақстандық азамат моделін алға бастыру керек», дейді ол.

Сайыстың жалпы жүлделік қоры 1 000 000 теңгені құрайды. Бас жүлде - алтын құйма (50 грамм).

Әр жанрдағы үздік жарияланым үшін жүлде 50 000 теңге мен 100 000 теңге арасындағы соманы құрайды. Жүлделердің мөлшері мен санын құрамына масс-медиа мен лингвистика саласындағы беделді сарапшылар енген сайыстың Қазылар алқасы белгілейді.

Бас демеуші - «Altyntau Resources» АҚ.

http://inform.kz/




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив