KZ
Өскемен
+25°
небольшой дождь жел 2 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

СМПИ мемлекеттік тілді оқыту орталығында Халықаралық ана тілі күні атап өтілді

22.02.2013, 18:00 131


СМПИ мемлекеттік тілді оқыту орталығы Халықаралық ана тілі күніне орай институттың кітапханасында «Туған тілім тағдырым» атты көрме ұйымдастырып, ана тілінің қазіргі жағдайы туралы ойларды ортаға салды. Сонымен қатар, орталықта мемлекеттік тілді меңгеру курсынан өткен тыңдаушылар сертификаттарға ие болды, деп хабарлайды Altaynews.kz .

Дәл осы күні Семей мемлекеттік педагогикалық институты мен Ресей елінің Алтай мемлекеттік педагогикалық академиясы ІХ ғылыми әдістемелік конференция өткізді. Көрші Ресей елінен келген қонақтарымыз орталықтың жұмысына қызығып, келешекте ана тілдің мәртебесін арттыру мәселелеріне байланысты бірлесіп жұмыс істеуге ұсыныстар жасады.

Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде қастерлеп, үйрену − Қазақстанның барша азаматының парызы. «Ана тілінде еркін сөйлеп, шын жүрегіңмен құрметтесең ғана өзгелерге де ана тіліңді құрметтете аласың», - деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, ана тіліміз өркендеп, асқар шыңдардан көріне берсін.

Анар Қуанғалиева, Семей

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив