KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

«Жарқын болашақ» жас дарындардың бағын ашты

25.03.2013, 18:00 190


ШҚ облыстық «Дарын» орталығы мен дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейлерінің ұйымдастыруы-мен мектеп оқушылары арасында қазақ тілінен V республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының облыстық кезеңі өтті , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Онда 197 оқушы «Тiлшi-әдебиетшiлер», «Әншi-бұлбұлдар», «Жас ғалымдар», «Сөз шеберлерi» және «Жазушылар» сынды байқаулар бойынша бәсекеге түстi.

Балалар арасында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді мақсат еткен олимпиаданың қорытындысы облыстық дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы мектеп-гимназия интернатының, «Нұр Орда» халықаралық мектебінің, Семей қаласының, сондай-ақ, Тарбағатай, Зырян, Ұлан, Аягөз, Күршім аудандарының оқушылары оған жақсы дайындықпен келгендерін байқатты.

Сонымен облысымыздың Семей мен Өскемен сынды бас қалаларындағы сайыстарда жүйрік болып танылғандар сәуір айының 4-6 күндері Астана қаласында өтетін республикалық финалдық кезеңге жолдама алды.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив