KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
485.04 525.98 5.04

Жаңаөзен оқиғасы бойынша қылмыстық істің екінші сот отырысы қорытындысымен БАҚ өкілдері үшін брифинг өтті

27.03.2012, 18:00 136


Бүгін Ақтауда сағат 10:00-де және сағат 15:00-де болған Жаңаөзен қаласында орын алған жаппай тәртіпсіздік оқиғасы бойынша 37 адамға қатысты қылмыстық іс бойынша екінші сот отырысы аяқталды.

Сот отырысы аяқталғаннан кейін Маңғыстау облыстық соты БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізді. Брифингте бүгінгі сот процесінің барысы туралы ақпарат берілді.

Брифингте аталып өтілгендей, сот отырысына қатысушылар мәжіліс залына белгіленген уақытта кірді. Сондай-ақ сотталушылардың туыстары мен өзге де ниет білдіргендер жіберілді. БАҚ өкілдері сот отырысының барысын баспасөз орталығында бақылап отырды. Кеше бірінші сот отырысында дыбыс, бейнежазбаларын қолдануға және суретке түсіруге рұқсат беру туралы өтініш түскен болатын. Сот отырысына төрағалық етуші судья А.Нағашыбаев тараптардың пікірін ескере отырып, суретке түсіруге, дыбыс, бейнежазбаларын қолдануға бүгін тыйым салды. Бүгінгі сот талқылауы барысында процеске қатысушылардың өтініші қаралып, сол бойынша шешім қабылданды. Осыдан кейін сот талқылауына көшті. Мемлекеттік айыптаушылар сотталушыларға тағылған айыптың мазмұнын баяндады. Төрағалық етуші процеске қатысушылардың пікірін тыңдап, дәлелдерді зерттеу тәртібін бекітіп, жәбірленушілерден жауап алуға көшті. Бүгінгі күнгі сот отырысында 14 жәбірленуші сұралды.

Келесі сот отырысы ертең, 29 наурызға, сағат 10:00-ге тағайындалды.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив