KZ
Өскемен
+2°
туман жел 1 м/с, С
485.04 525.98 5.04

Жаңаөзен оқиғасына қатысты сот процесінің төртінші отырысы өтті

30.03.2012, 18:00 449


Кеше Ақтауда Жаңаөзен оқиғасына қатысты сот процесінің төртінші отырысы өтті. Әдеттегідей сот отырысы аяқталғаннан кейін Маңғыстау облыстық сотының ресми өкілі Нұрлан Күнтуов БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді.
Брифингте айтылғандай, бүгінгі сот отырысында төрағалық етуші сотталушы А. Тәженовке қатысты «қамауға алу» туралы шарасын сотталушының денсаулығына байланысты «үйде қамауға ұстау» шарасына өзгерту туралы адвокат Е.Тілеуқұловтың өтінішін қанағаттандырды.

Сонымен қатар, төрағалық етуші қорғаушылар мен қорғалушылардың кездесуге уақыт бөлу туралы өтінішін қанағаттандырды.
27-30 наурыз аралығында Маңғыстау облыстық сотына түрлі бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялары мен журналистерінен 2011 жылғы 16-17 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында орын алған жаппай тәртіпсіздіктер фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша сот отырыстарының бейне, фото және дыбысжазбасын жасауға рұқсат беру жөнінде 10-нан астам сауал келіп түсті.

Бұған дейін хабарланғандай, сот мәжілістерінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету бағытын сақтал келеді, бұл суретке түсіруге, дыбыс, бейнежазбаларын қолдануға рұқсат берілген алғашқы сот отырыстарында көрініс тапты. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 326 бабының талаптарына сай, бұл әрекеттер қалыпты сот отырысының өтуіне кедергі келтірмеуі керек.

Сот залында процеске тікелей қатысып отырған тұлғаларға орын беру туралы шешім қабылданды,сондай-ақ, БАҚ өкілдері сот залында техникалық жабдықтарсыз еркін болып, қағаз-қаламмен жазба жүргізе алады.

Сонымен қатар, БАҚ, сот талқылау барысын бақылауға ниет білдіргендер үшін тікелей видеотрансляциясы бар қосымша залдар арнайы жабдықталған. Трансляция қалаушылардың барлығына сотты бақылауға мүмкіндік береді.

Журналистерге арналған баспасөз залында процесті жариялау және ақпаратты жедел түрде жеткізу үшін барлық тиісті техникалық жағдайлар жасалған - компьютерлер, факстер орнатылып, Интернет, қалааралық байланысқа қосылу қамтамасыз етілген.

Осылайша, қоғам, БАҚ, халықаралық бақылаушылар және басқа мүдделі тараптар үшін процестің толық ашықтығы қамтамасыз етілген.

Келесі сот отырысы 2012 жылы 2 сәуірге, сағат 10.00-ге тағайындалды.

http://inform.kz/




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив