KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 1 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Мишель Обама Ақ Үйдің ауласын «огородқа» айналдырды

27.03.2012, 18:00 223


Мишель Обама экологиялық жағынан таза әрі денсаулыққа пайдалы өнімдерді тағамға пайдалануға үгіт-насихат жүргізуде.

АҚШ президенті Барак Обаманың әйелі Мишель Обама биыл төртінші жыл қатарынан Ақ Үй алдындағы бақшада оқушылармен бірге көкөніс екті. Өткен жылы АҚШ-тың бірінші ханымы баптаған бақшадан 350 келі көкөніс жинап, оларды өз отбасы мен қонақтарына тағамдар дайындауға жұмсалған болатын.

Мишель Обама 1943 жылы Элеонора Рузвельт қалаған дәстүрді қайта жаңғыртып, Ақ Үй алдында көкөніс еге бастаған. Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде Элеонора Рузвельт ел тұрғындарына ауыр кезеңде азық-түлікпен үнемді әрі тиімді қамтамасыз етуге қатысты үлгі көрсеткен еді.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив