KZ
Өскемен
+26°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Тегераннан табысты оралды

25.03.2012, 18:00 150


Иран астанасы Тегеранда “Тахти кубогы” деп аталатын еркiн күрестен гран-при турнирi өттi. Бұл сында елiмiздiң еркiн күрес палуандары алты салмақ дәрежесi бойынша белдесiп, үш қола медаль олжалады.

55 келi салмақта күрескен шығысқазақстандық Расул Қалиев бiрiншi айналымда моңғол палуанын ұтып, екiншi белдесуiнде тағы бiр моңғол спортшысынан ұтылды. Келесі белдесуiнде иран палуанын жығып, қола жүлдеге таласу құқығына ие болды. Гран-при турнирiнiң қола жүлдесi үшiн Қалиев тағы бiр иран палуанынан басым түстi.
Ел қоржынына екiншi қола медальдi Ақжүрек Таңатаров салды. Ақжүректiң жолын екiншi айналымда иран палуаны кестi, бiрақ келесі белдесуiн сәттi өткiзген ол қола медаль үшiн күресiп, ресейлiк спортшыны еңсердi. 120 келiде сынға түскен Ержан Дүйсенбеков жартылай финалда жарыс иесiне жол бердi, бiрақ қола жүлде үшiн белдесуде тағы бiр иран палуанын жер қаптырды.
Нәтижесінде ел құрамасы командалық есепте үшінші орын алды.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив