KZ
Өскемен
+4°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Аягөздік балуан Азия чемпионатынан олжалы оралды

25.07.2018, 08:47 232

Аягөздік балуан Санжар Темірбеков Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді. Осылайша жерлесіміз құрлықтың кіл мықтылары бас қосқан додада үздік үштіктің қатарына ілінді.


87 келі салмақ дәрежесінде күш сынасқан Санжар Темірбеков бұл жарыста үш рет белдесу өткізді. Алғашқы айналымда жерлесіміз өзбек балуанын 9:0 есебімен қиналмай ұтты. Алайда екінші айналымда қытайлық балуанға 2:4 есебімен есе жіберіп алды. Шешуші сайыста Санжардың жолы Қырғыз елінің үкілеп қосқан мықтысымен түйісті. Қола медаль үшін болған белдесуде қос балуанда бір-біріне есе жібермеуге барын салды. Талай дүбірлі додаға түсіп, ысылған біздің жерлесіміз қарсыласын қапыда қалдырып, қола жүлдегер атанды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив