KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Қарағай көшетін өсіруге кірісті

24.03.2012, 18:00 124


Жақында Семейде тағы бір игі бастама қолға алынды. Шығыс Қазақстан облыстық жастар мен балалар ұйымы ассоциациясының Семей бөлімшесінің еріктілері әрбір семейлікті Ертіс маңы орманын қалпына келтіру үшін қарағай көшетін өсіруге шақырып отыр. Ол үшін әркім өзінің үйіндегі терезе алдында гүл сияқты етіп, қарағай дәнегін отырғызса болғаны. Топырақ, тыңайтқыштар мен ыдысты Шығыс Қазақстан облыстық жастар мен балалар ұйымы ассосациясының Семей бөлімшесінің кеңсесінен келіп алуға болады. Мұнда қарағай дәнегінің 125 мың түрі бар. Егер әрқайсысынан бір-бір көшет өссе, бұл да болса орманның қаншама бөлігін қайтадан қалпына келтіруге мүмкіндік берері сөзсіз. Резерват қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс жасайтын орман тұқымын өсіруші «Семей орманы» станциясының мамандары жас өскінді үй жағдайында қалай өсіруге болатыны туралы кеңес те береді. Бүгінде еріктілердің ұсынысын қолдап олардың қатарына қаладағы бірқатар мектеп, колледж, университеттер мен қоғамдық ұйымдар қарағай көшетін өсіруге үлестерін қосып жатыр. Ал Назарбаев зияткерлік мектебінде 700 өскінді өсіру үшін арнайы оранжерея орны бөлінген. Күзге салым олар өсірген көшеттерін резерватқа тапсырып, «Семей орманы» және «Ертіс орманы» деп аталатын өртеніп кеткен орманның орнын жаңғыртуға атсалыспақ.

Мәлімет көзі Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив