KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 6 м/с, З
439.4 473.54 4.76

«Семей орманында» тұқым кешені салынып жатыр

2.10.2013, 18:00 209


2003 жылдан бері «Семей орманы» мемлекеттік орман резерваты аумағына ағаш отырғызу көлемі жылдан - жылға ұлғайып келеді, биылға дейін үш мың гектардан астам орман алқабы қалпына келтіріліп, жаңа көшеттермен толықты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Тез өсіп, жетілетін орман екпелерін дайындау сапалы тұқымға байланысты. Өртеңдерді тазартып, қарағай көшеттерін дайындау үшін Семей өңіріндегі Беген, Бородулиха, Бөкебай, Жаңасемей, Канонерка, Морозов, Жаңашүлбі, Семей орман питомниктері қайтадан ашылып, жұмыс істеп жатыр. Олардағы егіс алқаптары 16 гектарға жеткізілген.

Резерваттың табиғи кешендерді қалпына келтіру бөлімінің басшысы С.Мұртазинның айтуынша, мекемеде орман ағаштары тұқымын өсірудің жаңа технологиясы қолға алынуда. Қазір Канонерка орман филиалында
тамырлары жабық күйінде өсіп, жетілетін жүйе бойынша тұқым дайындайтын кешен құрылысы салынып жатыр. Кешенде қарағай түйінін өңдеп, сапасын анықтауға, тұқымды сақтауға арналған орынжайлар да болады.

Жанаргүл Мұқатай

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив