KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 2 м/с, С
485.04 525.98 5.04

Әлемдегі ең ұзын автокөлік

18.03.2012, 18:00 293


Ұзындығы 30 метрден асатын 26 дөңгелекті лимузин Гиннесс рекордтар кітабына әлемдегі ең ұзын автокөлік ретінде енді. Бұл көлікті қала көшелерінен жиі көру мүмкін емес. Өйткені, темір тұлпар көрмелер мен кино түсірілімдерде ғана болады. Оның ішінде үлкен су кереуеті мен бассейн бар.

Бұған қоса төбесіне тікұшақ қонатын алаң орналасқан. Құрастырушы мамандар отыз метрлік лимузиннің бұрылыс жолдардан қиналмай жүруін де қамтамасыз еткен. Ондай жағдайда көлік екіге «бөлінеді», дәлірек айтсақ, бұрылыс кезінде ортасынан екі бөлікке бүктеледі екен. Ал артқа жүргіңіз келсе, көліктің артқы жағындағы қосымша жүргізушіге арналған кабинасы бар.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив