Қытайда әлемдегі ең ұзын көпір ашылды
Қытайда әлемдегі ең ұзын көпір ашылды. Құны 20 миллиард доллар. Ұзындығы 55 шақырым. Көпірді қолданысқа бүгін берді.
Көпір Гонконг, Макао, Чжухай сынды үш бірдей қаланы жалғап тұр. Жолдың ұзындығы 55 шақырым болғанмен, оның 22,9 шақырымы көпір болып саналады. Ал 6-7 шақырымы туннель арқылы су астынан өтеді. Бұл туннель топырақ пен судың салмағына шыдау үшін 48 шақырым тереңдікте тартылған. Құрылысшылардың есебінше, туннель 120 жыл жөндеусіз шыдас береді екен.
Бұл көпірдің арқасында Гонконг пен Чжухай қалалары арасына жарты сағатта қатынауға болады. Бұрын қытайлықтар бұл екі қаланың арасында үш сағат уақыт жүрген екен.
Енді осы үш қаланың арасында тәулік бойы қатынайтын автобустар шығарылмақ.
Жуық есеппен, бір күннің ішінде 2030 жылы осы көпірмен 30 мыңдай көлік түрі, 120 мыңнана астам адам жүретін болады деп жоспарлануда.