KZ
Өскемен
+28°
ясно жел 2 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Қазақстандық альпинист әлемдегі ең биік жанартауды бағындырды

14.03.2012, 18:00 187


Қазақстандық Андрей Гундаревті қос бірдей жеңісімен құттықтауға болады. Себебі ол еліміздің көк туын әлемдегі ең биік жанартауда ғана емес, сонымен бірге құрлықтың ең биік нүктесі – Аконкагуа шыңында да (теңіз деңгейінен 6962 метр биіктікте) желбіретті.

Қазақстанның туы әлемнің ең биік жанартауына биыл 23 ақпан күні орнатылды. Чилидегі Охос-дель-Саладо жанартауына жетудің өзі оңай емес. Ол үшін жолсызбен 300 шақырым жерді жүріп өту қажет. «Дакар» кезеңдерінің бірі дәл осы аймақта өткен болатын.

Ұшақпен Алматыдан Чилиге дейін 13 сағат ұшып, біраз шаршаған Андрей Гундарев бастапқыда Охос-дель-Саладо жанартауына шығудан бас тартып, бірінші Оңтүстік Американың ең биік шыңы – Аконкагуаны бағындыруға бел буды.

1tv.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив