KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

К-2 шыңын бағындырған Қазақстан мен Австрия альпинистері марапатталды

23.03.2012, 18:00 215



Былтыр жазда австриялық әріптестерімен әлемдегі ең биік шыңдардың бірін бағындырған қазақстандық альпинистер Венада болып қайтты. Жаужүрек альпинистерді веналықтар үлкен ықыласпен қарсы алды.

Қазақстандық альпинистер Мақсұт Жұмаев пен Василий Пивцовтың есімі австриялық жұртшылыққа кеңінен танымал. Былтыр жазда олар австриялық әріптестері Герлинде Кальтенбруннермен бірге әлемде биіктігі жағынан екінші орындағы К-2 шыңын бағындырған болатын. Гималайдың батыс беткейіндегі Чагора тауының ең биік шыңының биіктігі теңіз деңгейінен есептегенде 8611 метр. Әдемдегі ең қауіпті де қиын асуды бағындыру - әрбір альпинистің арманы. Осы арманның жолында шыңырау құзға құлап опат болғандар қаншама. Сондықтан биіктігі сегіз мың метрден асатын 14 шыңға оттегі балонынсыз көтерілген альпинистер Мақсұт Жұмаев, Василий Пивцов пен Герлинде Кальтенбруннерге австриялықтардың ықыласы ерекше. Қаншама сын сағатты бірге өткізген достарды бүгінгі кездесу естен кетпес қуанышқа бөледі.

Мақсұт ЖҰМАЕВ, БЕЛГІЛІ АЛЬПИНИСТ:
- Мұндай ауыр экспедиция адамдарды қатты жақындастыратыны белгілі. Оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сапардан кейін бір-екі ай бойы Герлиндені, Райфты қатты сағынып жүрдік. Василий екеуміз Европаға алғаш рет келіп отырмыз. Бұл сапар туризм, спорт саласында ойластырып жүрген бірқатар жобаларымызға бастау бола ма деген үміттеміз.

Герлинде КАЛЬТЕНБРУННЕР, АВСТРИЯЛЫҚ АЛЬПИНИСТ:
- Достарыммен қайта қауышқаныма шексіз қуаныштымын. К-2 шыңына қалай шыққанымыз әлі күнге дейін көз алдымда. Қауіпті де қиын жағдайда өткен үш айдың ішінде арамызда бір де бір түсінбестік болған емес. Мақсұт пен Василий тек керемет альпинистер ғана емес, өте сенімді достар. Әлі талай шыңды бірге бағындыратынымызға сенемін.


Альпі тауының бөктерін мекендеген елде тау спорты жақсы дамыған. Жергілікті өкімет тау спортына қажетті инфрақұрылымды инвестициялауды өз міндетіне алған. Ал бизнес өкілдері демалыс орындарын, мейрамхана, ойын-сауық кешендерін салып, саламатты өмір салтын дамытуға өзіндік үлес қосуда. Қазақстандық спортшылар осынау озық тәжірибені өз елінде енгізсек дейді.

http://khabar.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив