KZ
Өскемен
+29°
переменная облачность жел 5 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Елорданың ең биік ғимараттары

5.12.2017, 04:33 278

Таяуда қазақстандық «Ел.кз» сайты Астанадағы ең биік ғимараттардың рейтингін жария етті. Күн санап өсіп-өркендеп келе жатқан елордамызда сәулеті, кескіні жағынан көз тартар еңселі үйлер баршылық. Ал құрылысы аяқталуға тақап қалған «Абу-Даби Плаза» кешені тек елімізде ғана емес, сондай-ақ бүкіл Орталық Азия аймағындағы ең биік ғимаратқа айналмақ. Ал оның биіктігі қаншаға жетеді екен? Төмендегі рейтингке көз жүгіртіңіз.


«Абу-Даби Плаза» – тек Қазақстанда емес, Орталық Азиядағы ең биік ғимарат. Аумағы – 510 мың шаршы метр. 88 қабаттан тұратын ғимараттың ең биік нүктесі – 382 метрге дейін жетеді. Кешеннің ішінде қонақүй, кеңселер, пәтерлер, сауда орталығы, бәрі-бәрі болады.


«Меруертті мекен» – әкімшілік ғимараттар кешені. Биіктіктері әртүрлі көп қабатты үйлерден (37, 40, 53 қабат) құралған. Ең биігі 210 метрге дейін жетеді. Жалпы ауданы – 280 000 шаршы метр. Ғимараттың 32қабаттан бастап аумағы кеңейіп, соңғы қабаттары 15 метрге артық болып келеді.


«Солтүстік шұғыла» кешені – 34, 39, 44 қабаттан құралған тұрғын үйлерден тұрады. 2008 жылы

пайдалануға берілген. Жалпы ауданы – 130 мың шаршы метр. Пәтерлер саны – 165. «Хай-тек» стилінде тұрғызылған кешенінің биіктігі 180 метрге жетеді. Тұрғын үй қаланың сол жағалауында Сулы-жасыл бульварда орналасқан.


«Қазақстан Темір Жолы» компаниясы бас кеңсесінің ғимаратында барлық жүк және жолаушы тасымалдау процесіне диспетчерлік басшылық орналасқан. Биіктігі – 175 метр. 37 және 40 қабаттан тұратын екі ғимарат бар. 2010 жылы пайдалануға берілген.


«Transport Tower» (Көлік және коммуникация ғимараты) ғимараты - Астанадағы биік ғимараттардың бірі. Ауданы – 32 394 шаршы метр. Ал биіктігі – 155 метрге жетеді.


«Хан Шатыр» – Астанада орналасқан сауда және ойын-сауық кешені. 2010 жылы пайдалануға берілді. «Хан Шатыр» ғимаратында сауда бутиктері, кафе, мейрамханалар, балалар ойын-сауық орталығы, дара рельсті жол, кинотеатр, сондай-ақ бірегей тропиктік жағажай орналасқан. Кешеннің шатыры – әлемдегі ең үлкен шатыр. Құрылыстың жобасын архитектор Норман Фостер жасаған. Биіктігі – 150 метр.


«Гранд Алатау» кешені 2009 жылы пайдалануға берілді. Кешен бір платформада біріккен төрт ғимараттан (20, 28, 38, 43 қабатты) тұрады. Биік нүктесі – 144 метр. Бұл кешен Есіл өзенінің жағасында орналасқан.


«Астана салтанаты» тұрғын үй кешенінің биіктігі – 142 метр. 2006 жылы салынған кешен 39 қабаттан тұрады. Жалпы аумағы – 113 мың шаршы метрді құрайды.


«Капитал» тұрғын үй кешенінің биіктігі 100 метрге дейін жетеді. 29 қабаттан, 218 пәтерден тұрады.

Парламент Мәжілісінің ғимараты төрт блоктан тұрады. Кешеннің жалпы аумағы 26 800 шаршы метрді құрайды. 22 қабаттан тұратын ғимарат биіктігі – 100 метр.


Әлемдегі ең биік ғимарат – Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Дубай қаласында орналасқан «Бурдж-Халифа». Оның биіктігі – 828 метр. Бұл рекордты жаңартатын ғимарат біздің Астанада салынуы әбден мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив