KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,3 м/с, В
479.23 534.96 5.16

"Қажымұқанда" Николай Валуев ойнайды

14.03.2012, 18:00 124


«Рывок» драмасын түсірген Қазақстандық режиссер Қанағат Мұстафин халқымыздың біртуар тұлғасы, атағы әлемге танымал палуан - Қажымұқан Мұңайтпасов туралы фильм түсірмек. Фильмде басты рөлді Дәулет Әбдіғаппаров (суретте) сомдамақшы.

«Фильм нақты оқиғалар мен фактілерге негізделген қым-қуыт сюжеті бар драма болады. Қазіргі заманда жастар «терминаторлар», «робокоптар», «аватарлардың» арасынан өзіне кумир тұтатын тұлға іздейді, ал қазақ батырларын білмей жатады. Жас ұрпақтың біразы Қажымұқанды ертегі кейіпкері деп ойлайды. Олар үшін батырдың сом темірді майыстырып, иығына темір рельске мінген жиырма адамды салып көтергені, тракторларды сүйрегені тек аңыз ғана», - деді режиссер Қанағат Мұстафин.

Фильм бойы Қажымұқанның туған ұлы оның шөберелеріне батыр туралы әңгімелеп отырады. Туынды екі бөлімнен тұрады: жастық шақ және спорттағы жетістіктері; егде тартқан кезі және тағдыр әділетсіздігі.

«Туынды продюсері Айдархан Әділбаев екеуміз бірден-ақ Дәулет Әбдіғапаровқа тоқтадық. Оған себеп – Дәулеттің актерлік шеберлігі мен адам сүйсінетін күш-қайраты. Ол жобамызға қуана қатысатын болды. Айтпақшы, осыдан екі жыл бұрын бір сұхбат кезінде бұған дейін алдынан шықпаған «кімнің рөлін ойнағыңыз келеді?» деген сұраққа Дәулет «Қажымұқанның!» деп жауап берген екен», - деді режиссер Қанағат Мұстафин.

Фильмнің мақсаты – жастардың отансүйгіштік сезімін өсіру және қазақ халқының ұлы тұлғасы Қажымұқан Мұңайтпасов туралы естелік қалдыру. Жас ұрпаққа Қажымұқанның кім болғанын жеткізу керек.

Айтпақшы, режиссер фильмдегі негізгі рөлдердің бірін сомдауға орыс боксшысы Николай Валуевті шақыруды жоспарлап отырған көрінеді.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив