KZ
Өскемен
-7°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Мәскеуде Сергей Мавроди тұтқындалды

14.03.2012, 18:00 121


Мәскеуде бітімгершілік соты МММ қаржы пирамидасын құрушы Сергей Мавродиді бес күнге қамады.

Jрыс астанасының Хамовника аудандық соты С.Мавродиді әкімшілік жазадан бас тартып, 1 мың рубль көлемінде айыппұл төлеуден бас тартқаны үшін тұтқындап отыр. Ол айыппұлды қандай тәртіп бұзғаны үшін төлеу керектігі туралы сотта тіс жарып ештеңе айтылмады.

С.Мавроди Ресей тарихында ірі қаржы тікбұрышын құрушы адам ретінде белгілі. Ол осы алаяқтығы үшін темір тордың аржағына да отырып келді.

Түрмеден босағаннан кейін С.Мавроди жаңа қаржы пирамидасын құрып, оны МММ-2011 деп атайтындығын жариялады. Ол бұл әрекетін 1990 жылдары қаржы пирамидасында ақша жоғалтқан азамттарға өтемақы төлеу үшін ұйымдастырамын деп түсіндіреді.

Мәлiметтiң көзi: BNews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив