KZ
Өскемен
-8°
ясно жел 1 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Мәскеуді шулатқан Мавроди алматылықтарға ауыз салды

26.03.2012, 18:00 184


Мәскеуде 5 сөткеге тұтқындалған кәсіпкер, «МММ» деп аталатын қаржы пирамидасының негізін салған Сергей Мавроди туралы әңгіме орыстардың арасында қызу талқыға түсіп жатыр. Тіпті ауруханадан екі кеште қашып кеткен қаржыгердің қайда жүргенін тәртіп сақшыларының өздері де білмейді.

1990 жылдары салымшы ретінде 10-нан 15 миллион адамға дейін тартқан көрінеді. Алаяқтығы үшін 4,5 жылға түрмеге де қамалған. Бірақ ауру қалса да әдетін тастай алмаған ол былтыр өз блогында «МММ - 2011» қаржы қорының жұмыс істей бастағанын жария етті. Оның сөзіне қарағанда әрбір салымшы жылына өзі салған қаржыны 360 пайызбен қайтарып алуына мүмкіндігі бар.
«Аспаннан ақша жауған күнге» орыстар ғана емес, қазақтар да жетті. Кейбір басылымдардың деректеріне қарағанда, еліміздегі «МММ»-ге қазір 40 мыңға жуық азамат қаржы салып қойыпты-мыс. Ақшаға шаққанда 200 - 320 миллион доллар қаражат Мавродидің мақсатына қызмет етіп жатыр. Тіпті қазақстандық «Рек-Тайм» басылымында Сергей Мавродидің тіркелу жарнамасы бірінші бетте жүр. Әрбір салымшыға 20 доллар сыйақы тағайындаған Сергей әрбір есепшотқа айына 20-дан 75 пайызға дейін сыйақы беруге уәде еткен.
Қысқасы, алматылықтардың аузын аштырып, көзін жұмдырған қаржы пирамидасының авторы жұрттан жылу жинап жатыр. Ал қаржы полициясы тексеру түгілі елді сақтандыру мақсатында бір ауыз сөз айтпай отыр.

Мәлiметтiң көзi: Айқын




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив