KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность Штиль
481.19 538.45 5.18

"Титаник" даяшысының ұрпақтары Costa Concordia кемесінде болыпты

13.03.2012, 18:00 159


Лондонның тумасы, өткен ғасырдың басында апатқа ұшыраған «Титаникте» даяшы болып қызмет еткен және сол оқиғада қаза тапқан адамның екі ұрпағы биыл 14 қаңтарда Тиррен теңізінде апатқа ұшыраған Costa Concordia лайнерінің жолаушылары қатарында болған.

Оңтүстік Италиядағы Кампания облысының Авеллино қаласының тұрғыны 30 жасар Валентина Капуана сол күні лайнерде досы, інісі және інісінің қызы төртеуі болған. Валентина мен інісі жоғарыда айтылған Джованни есімді даяшының жанама ұрпақтары болып табылады. Ол 1912 жылы 14 сәуірде болған апатта 25 жасында 1,5 мың жолаушылар және кеме экипажымен бірге қаза болған.

Дегенмен олар бабасының тағдырын қайталамай, әйтеуір кеме апаты кезінде аман қалды. Алайда әжелерінің Джованни туралы айтқан әңгімелері сол сәтте олардың ойларына оралып, қатты сасқандарын айтады.

Costa Concordia кемесінің бортында 4,2 мыңнан астам адам болған. Бүгінде олардың 11 өлгені белгілі болса, 24-і жоғалғандар тізімінде.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив