KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 3,1 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Қазақстанның ең ықпалды 5 әйелі белгілі болды

12.03.2012, 18:00 145


Exclusive журналы Қазақстанда беделі мен танымалдығымен көш бастап тұрған ең ықпалды 5 әйелдің тізімін жариялады. 50 әйел кірген тізім «Билік», «Кәсіп», «Мәдениет» және «Қайырымдылық» сияқты 4 аталым бойынша жүргізілген екен.

Сауалнама қорытындысы бойынша көшті Дариға Назарбаева бастап тұр. Екінші орында тұтынушылардың ұлттық лигасының президенті Светлана Романовская орын алған. Ал үздіктердің үштігіне «Мәдениет» саласы бойынша Роза Рымбаева жайғасыпты. Еліміздің бірінші ханымы Сара Назарбаева қайырымдылығымен қара үзіп, белсенді әйелдер тізімінде 5 сатыға тұрақтаған. Сондай-ақ аталмыш тізімнің ондығында Наталья Коржова, Жанар Айтжанова, Надежда Нестерова сияқты шенеунік нәзік жандылармен қатар, актриса Қарлығаш Мұхаметжанова, көркем гимнастиканың шебері Әлия Юсупова және кәсіпкер келіншек Гога Ашкенази бар.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив