KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Көркем гимнастикасының «ханшайымы» ұлды болды

12.12.2012, 18:00 229


Қазақстан көркем гимнастикасының «ханшайымы» Әлия Юсупова құттықтауларды қабылдауда, ол ұлды болды, деп жазады "Экспресс -К" газеті.

Сәби 12 желтоқсанға қараған түні дүние есігін ашты. Шақалақтың салмағы 3,5 келі, бойы 51 см. Бақытқа бөленген отағасының (Әлияның жұбайы Нұржан) сөзіне қарағанда, Әлия мен сәбидің жағдайлары жақсы. Сәбиге Нұрәлі деген есім берілді. Бүгін Әлия ауруханадан шығады.

Дүниеге келген жаңа сәби Әлия мен Нұржанның екінші қуаныштары. 2010 жылдың қыркүйек айында олардың Әмина есімді қыздары дүниеге келген болатын.

Әлия Юсупова екі Олимпиаданың қатысушысы, көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы, олардың арасында 6 алтын медаль бар. Тұрмысқа шыққан соң Әлия бапкерлік қызметке ауысып,, Шымкент қаласында көркем гимнастикадан жеке мектебін ашқан болатын.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив