KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

АҚШ сарбазы өлім жазасына кесілуі мүмкін

12.03.2012, 18:00 174


Өткен аптада Ауғанстанның Қандағар уәлаятында 16 бейбіт тұрғынды атып тастаған АҚШ сарбазы өлім жазасына кесілуі мүмкін.

Оның сөзіне қарағанда, АҚШ әскери басшылығы сарбаздың ісімен әскери органдардың айналысуына күш салып жатыр. АҚШ заңы бойынша, мұндай адам өлтіру қылмыстарына өлім жазасы кесіледі.

11 наурызда Қандағар уәлаятында әскери базадан ауылға қарай шығып кеткен сарбаз 16 бейбіт тұрғынды атып тастап, базаға қайта оралған. Қаза тапқандардың 9-ы - балалар. Сарбаздың аты-жөні әзірге аталмай отыр.

Леон Панеттаның айтуынша, бұл қайғылы оқиға АҚШ-тың Ауғанстандағы стратегиясына әсер етпеуі керек. Президент Барак Обама да бұған дейін осыны айтқан.

Вашингтон ауған үкіметі мен халқынан ресми түрде кешірім сұрады.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив