KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Өскемен қаласында бұрынғы әйелін атып, артынан өзіне өзі қол жұмсаған сержанттың аты-жөні белгілі

4.07.2013, 18:00 123


Қазақстанның Әскери прокуратурасы Өскемен қаласында бұрынғы әйелін атып, артынан өзіне өзі қол жұмсаған сержанттың аты-жөнін жариялады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

"Қайтыс болғандар – Жаңа Ақмердегі №27943 әскери бөлімшенің келісімшарт бойынша қызметінің сержанты Бауыржан Манатұлы Қабылбеков пен азаматша Салтанат Жанабекқыз Рахимова. Сондай-ақ Толқын Нұратайқызы Төлепбергенова жараланды» -, деп хабарлады әскери прокуратураның баспасөз хатшысы Ақбар Әбілдин.

Ол сонымен қатар осы оқиға бойынша қылмысты істің ІІМ шығыс аймақтық басқармасының Өскемен әскери-тергеу бөлімінде тексеріліп жатқанын айтты.

ІІМ-нің баспасөз қызметінде қылмысты істің ҚК-нің 96-бабының 2-тармағы (кісі өлтіру) және 255-бабымен (қару мен оқ-дәріні ұрлау) қозғалғанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Өскемендегі «Рахат» дүкенінің алдында әскери қызметкер алдымен бұрынғы әйелін атып, артынан өзі атылып қалған болатын. Ол сондай-ақ бір әйелді жаралады.

Қайтыс болған келіншек банк қызметкері, ол дүкенге түстік ас сатып алу үшін келіпті. Ерлі-зайыптылар екі ай бұрын ажырасқан.

Суретті түсірген Алексей Слонов.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив