KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Тәлібтер АҚШ-тан кек алуға серт берді

12.03.2012, 18:00 177


«Талибан» экстремистік тобы 11 наурыз күні американдық әскерилердің қолынан қаза тапқан 16 бейбіт ауғандықтың кегін алмақ.

Sky News агенттігіне сілтеме жасап Lenta.ru-дің хабарлауынша, бұндай мәлімдеме тәлібтердің сайтында орналастырылған.

Тәлібтердің мәлімдемесі американдық тараптың Ауғанстаннан бірнеше мәрте кешірім сұрағаннан кейін іле-шала жарияланып отыр. Онда олар қаза тапқандардың басым бөлігі әйелдер, балалар және қарттардың болғандығына назар аударып, американдық әскерилерді «басқыншылар», «тағылар» деп сипаттаған.

Айта кетерлігі, АҚШ Президенті Барак Обама ауғандық әріптесі Хамид Карзаймен телефон арқылы сөйлесуі барысында оқиғаға толыққанды тергеу амалдары жүргізіліп, барлық кінәлілердің жазаланатындығына уәде етті. Дәл осындай уәдені АҚШ Қорғаныс министрі Леон Панетта, Ауғанстандағы халықаралық күштердің қолбасшысы, генерал Джон Аллен де берді.

Бейбіт тұрғындарға жасалған шабуыл 11 наурыз күні түнде Кандагар провинциясында орын алды. 16 адам да өз үйлерінде өлтірілген. Associated Press агенттігінің ақпаратына сәйкес, ауғандықтарға оқ атқан жауынгердің сержант екендігі белгілі. Оның аты-жөні әзірше жарияланбай отыр. Бұндай қылмысқа оның не себепті барғандығы да белгісіз.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив