KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
442.05 474.14 4.74

"Жастардың" жасы 1 жылға ұзартылуы мүмкін

11.03.2012, 18:00 303


Білім министрлігі «жастар» санатына жататындардың жасын 1 жылға ұзартуды ұсынды. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында мәлім болды.

«Заң жобасы арқылы біз «жастар» санатына жататын азаматтардың жасын 30 жасқа дейін ұлғайтуды ұсынамыз. Қолданыстағы заңға келетін болсақ, қазіргі Қазақстанның жастары 14 пен 29 жастың аралығындағы жастар болып саналады. Осыған орай біз бұл санаттағыларды «14 пен 30-ға дейін» деп өзгерткіміз келеді», - дейді Білім және ғылым министрінің орынбасары Махметғали Сарыбеков.

Бұдан бөлек заң жобасында жастарды қолдау үшін ақпараттық, ұйымдастырушылық және басқа да қызметтер ұсынатын ресурстық орталықтар құру көзделеді.

«Жалпы алғанда жастар саясатының халықаралық тәжірибелерін де ескерген орынды деп ойлаймыз. Мәселен, соңғы он жыл ішінде көптеген Еуропа және ТМД елдерінде жастар саясаты шеңберіндегі заңдар қайта қаралып жатыр. Әзірбайжан және Молдова елдерінде жастар саясаты туралы заң бар. Ұлыбританияда балалар және жастар туралы заң бар болса, Германияда жастар саясатын реттейтін заңның бірқатар толық қатары бар. Атап айтқанда, балалар және жастар қызметі туралы арнайы жеке заң, қоғамдық орындарда жастардың құқықтарын қорғау, жұмыс орындарында жастарды қорғау туралы, жастар соттары туралы заңдар жұмыс істейді», - дейді М. Сарыбеков.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив