KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
443.72 482.28 4.9

Н.Назарбаев Д.Медведевпен Кедендік одақ қызметінің жетістіктерін талқылады

6.03.2012, 18:00 163


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевпен бірге телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Қос елдің мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастық мәселесін сөз етіп, осы жылдың 20 мамырында тарихи келісім – Қазақстан мен Ресей арасындағы «Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа» 20 жыл толатындығын ескеріп өтті.

Сондай-ақ олар Кедендік одақ қызметінің жетістіктері жайлы және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құрылуына байланысты олардың мүшелерінің алдында тұрған міндеттер жайында пікір алмасты.

Тараптар Мәскеуде өтетін мемлекет басшыларының кездесуінде ЕурАзЭҚ пен БЭК мәселелерін талқылауға келісті.

Мәлiметтiң көзi: BNews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив