KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность Штиль
478.93 534.96 5.16

Интеграцияның екінші сатысына қадам басты

20.03.2012, 18:00 180


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Мәскеуде өткен ЕурАзЭҚ-ның Мемлекетаралық кеңесінің және Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырыстарына қатысты.

Келіссөздер барысында Еуразиялық экономикалық қоғамдастық пен Еуразиялық экономикалық комиссия қызметінің тиімділігін арттыру, қосарланған өкілеттіктерді жою мәселесі талқыланды.
Қазақстан Президенті ЕурАзЭҚ елдері интеграцияның бір кезіңнен екінші сатысына өтуде екенін атап өтті.
– Биылғы жылы Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК) жөнінде 17 келісім күшіне енді. Кеден одағы мен БЭК-тің жұмыс істеуі мен даму жағдайын тиімді қамтамасыз ету үшін Еуразиялық экономикалық комиссия құрылды. ЕурАзЭҚ-ның соты қалыптастырылды. Біз XXI ғасырдың жаһандық қауіп-қатерлеріне еуразиялық интеграцияны тереңдету арқылы жауап береміз. Бұл – ортақ жаңартушы және қуатты біріктіруші жобаның негізі, – деді Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Akorda.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив