KZ
Өскемен
+2°
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Молдавияда Кедендік одаққа кіру жөнінде референдум өтеді

10.03.2012, 18:00 104


Молдавияда 2012 жылдың 18 қарашасында елдің Ресей-Беларус-Қазақстан Кедендік одағына кіруі жөнінде референдум өткізу жоспарлап отыр.

Молдавияның Ресей-Беларус-Қазақстан Кедендік одағына кіруі жөнінде республикалық референдум өткізу бастамасын Молдавияның Социал-демократиялық партиясы көтерді (МСДП). Ол республикалық референдумның күн тәртібіне: «Молдавияның Ресей-Беларус-Қазақстан Кедендік одағына кіруіне келісесіз бе?» деген сұрақты енгізуді көздеп отыр, деп хабарлайды РБК.

МСДП төрағасы Виктор Шелин атап өткендей, референдум барысында Молдавия жұртшылығы елдің болашақ дамуы жөнінде өз пікірлерін ортаға сала алады. Ол сондай-ақ Шығыс континенттегі Кедендік одақ үнемі Молдавия үшін арзан сатып алып, қымбат сататын, адамдар еркін қозғалатын, ортақ эергетикалық және көлік жүйесі, тіл білімі, шикізат қоры мен сату нарығы бар аумақ болып табылатындығын атап өтті.

Мәлiметтiң көзi: BNews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив